Narikbi LIVE
Narikbi Maksut
0
Қазақстан жастарының рухани, интеллектуал дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс!
Епизоде
-
Киім брендінің шын бағасы / Corneli / Жандос Қонақбаев / Narikbi LIVE #139 05.06.2026 1ч 47минБұл подкаст қонағы CORNELI және Crinzo киім брендінің негізін қалаушысы Жандос Қонақбаев. Кәсіпкерлік жолын Алматыда студент болып чехол сатып бастаған Жандос, кезінде Астанаға келіп, такси жүргізуге дейін барған. Алайда кейін өзінің премиалды киім брендін ашты. Қаңтар оқиғасы кезінде дүкені тоналды. Бірақ қайта тұрды. Әңгіме барысында оның жолы туралы — нөлден бастап, қалай бренд құрғаны, қандай қателер жібергені, неге Қазақстаннан әлемдік бренд әлі шықпай тұрғаны туралы ашық айтты.Стиль деген не? Киім адамға қалай энергия береді? Кәсіпкер болу үшін қандай қасиет керек? Осы сұрақтардың бәріне жауап табасыз. Маған өзіме қатты ұнаған бөлігі — компаниядағы адамдардың өсуі туралы айтқан жері. Сирек естисің мұндайды. Түсірілімге көмек берген Sham мектебіне алғысымызды білдіреміз: https://www.instagram.com/sham.mektep/ Zhandos: https://www.instagram.com/zhandos_konakbaev/ Corneli: https://www.instagram.com/corneli_official/ Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi/ Instagram: https://instagram.com/narikbi.live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live ⏱ Тайм-кодтар: 00:00 Тизер 01:30 Кәсіптік жолы қалай басталды? 08:39 Астанаға көшіп, такси жүргізушісі болдым 18:14 Киім адамға қалай энергия береді? 32:10 Түркияда болған оқиғалар 39:10 Қаңтар оқиғасы кезіндегі тонау 47:00 Неге Қазақстаннан әлемдік бренд шықпайды? 52:00 Нағыз кәсіпкер қандай болу керек? 01:00:00 Түріктер неге жұмыс істеуден бас тартты? 01:11:10 Компаниядағы адамдардың өсуінің маңыздылығы 01:22:20 CORNELI брендінің мақсаты 01:29:30 БЛИЦ! 01:37:00 Ең алғашқы қадам қандай болу керек?
-
Абдрашит Түлкібай: сені гормондар басқарады / Narikbi LIVE #138 05.06.2026 1ч 29минБүгінгі қонағым — психофизиолог Абдрашит Түлкібай. Біраздан бері осы тақырыпта әңгіме жазғым келіп жүр еді — гормондар, ми, мінез. Себебі бұл нәрселер бәрімізге қатысты, бірақ көбіміз бұған терең үңіле бермейміз.Серотонин, дофамин, кортизол деген сөздерді жиі естиміз. Бірақ олар шын мәнінде не? Мида қалай жұмыс істейді? Көңіл-күйімізді, шешімдерімізді, тіпті мінезімізді қалай басқарады? Үрей қайдан туады? Скроллинг неге миды шаршатады? Осындай сұрақтардың бәріне Абдраши аса қарапайым, түсінікті тілмен жауап берді. Маған әсіресе ұнағаны — әңгіме теориядан тым алыс кеткен жоқ. Күнделікті өмірге, өзімізге қатысты тұстары көп. Тыңдап отырып, өзім туралы көп нәрсенің көзі ашылғандай болды. Abdrashit: https://www.instagram.com/abdrashitt Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi Тайм-кодтар ⬇️ 00:00 Тизер 01:00 Подкасттан кейін жұмысымды қазақ тіліне ауыстырдым 06:00 Гормон дегеніміз не және оның түрлері 09:00 Серотонин гормонының жұмыс істеу жүйесі 11:00 Дофаминнің мидағы қызметі 16:35 Мидың құрылымы 20:00 Адам бойындағы үрей 27:30 Өзімізді қалай қинаймыз? 30:20 Тамақты ләззатпен ішу керек пе? 33:00 Скроллинг неге және қалай зиян? 39:00 Ми мен гормондар туралы жиі қойылатын сұрақтар 50:00 Мидың энергиясын қалай сақтау керек? 01:00:00 Адам мінезіне шолу 01:06:00 Нәтижеге жету үшін миға себеп керек пе? 01:12:45 Тестті қалай дұрыс тапсырамыз? 01:17:00 Нарикбидің ми құрылымы 01:24:00 Адамның 8 түрлі формасы 01:25:20 Абдрашит бүгін неден қорқады?
-
Асқар Сабдин: Иран — біз білмейтін тарих / Narikbi LIVE #137 04.06.2026 1ч 27минinVision U-ға түсу: https://www.invisionu.education/kz/apply?utm_source=narikbi_maksut&utm_medium=affiliate&utm_campaign=open_call_announcement_partnership_290426 Иран — биылғы жылы тек Таяу Шығыс емес, бүкіл әлем назарын өзіне аударған ел. Бірақ біз бұл ел туралы не білеміз? Парсы өркениеті, шиизм, аятолла билігі, имамдар ілімі, қазақ тіліндегі парсы сөздері, әзербайжандар тағдыры, шекарадағы оқиғалар... — осының бәрі айналамызда айтылса да, көбіне мифтер мен үстірт пікірлер арқылы жетеді. Сол себепті бұл шығарылымға белгілі теолог, ғалым Асқар Сабдинді қонаққа шақырдық. Ағамызбен бірге Иранның тарихы мен бүгінін, парсы халқының ұлттық кодын, шиизмнің ішкі қыр-сырын және ислам әлеміндегі бүгінгі ұстанымын талқылаймыз. Егер сіз:— Иран мен парсы өркениеті туралы тереңірек білгіңіз келсе,— шиизм мен сүннизмнің айырмашылығын түсінгіңіз келсе,— қазақ пен парсы арасындағы тарихи-мәдени байланысты ұғынғыңыз келсе —бұл подкаст сізге арналған. 00:00 Тизер 01:34 Иран елін жаңа қырынан тану 05:00 Батырлар жыры және тарихи мұра 06:22 Қазақ сөздерінің парсы тілінен шығуы 10:00 Парсы халқының ұлттық коды 20:40 Парсы мәдениеті 28:32 Шиизмнің тарихы және таралуы 39:30 Шиизмде пайғамбарлар қателеспей ме? 42:10 Алғашқы 12 имам 48:30 Мемлекетті кім басқарады? 54:00 Қиямет күнінің белгілері 59:17 Намаз оқудағы ерекшеліктер 01:04:00 Ирандағы әзербайжандықтар 01:06:44 «Біз кімге дұға етеміз?» 01:08:10 Шекарада болған оқиға 01:12:40 Ислам әлемінде қай ел алға шықты? 01:19:00 Қазақ жастарына кеңес
-
Талғат Тынымбай: Талғатпен сұхбаттың шындығы / Narikbi LIVE #136 04.06.2026 1ч 25минБүгін Narikbi LIVE подкастында — белгілі стендап-комик Талғат Тынымбай. Оның әзілдеріндегі стиль бөлек, ал «Талғатпен сұхбат» жобасы қазақ ютубындағы ең ерекше контенттің бірі екені сөзсіз. Бұл шығарылымда Талғаттың сахнаға қалай келгенін, интроверттердің ішкі әлемін және неге көп жұлдыздардың жабық болатынын талқыладық. Қосыңыз, өте қызық әрі шынайы әңгіме болды! Talgat: https://instagram.com/talgat_tynymbai Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live Тайм-код: 00:00 Тизердің берекесі кетті 01:40 Қонақта — Талғат Тынымбай 09:00 Интроверттік қасиет қалай байқалды? 13:00 Stand-up сахнасына қалай келді? 20:00 Әзіл арқылы кез келген мәселені жеткізуге бола ма? 26:00 Әзілқойлардың отбасылық проблемаларды әзілге айналдыруы 31:00 Сахнада айтылмайтын тақырыптар 38:00 Материал қалай жазылады? 41:00 Неге жұлдыздар жабық болады? 46:00 Ағылшын тілін үйрену қаншалықты қиын? 51:00 Gallup тестін тапсырсам, өзімді шектеп қоямын ба? 58:00 «Талғатпен сұхбат» жобасы 01:01:00 ТОП-5 қонақ 01:04:00 Ең үлкен хейт кімге келеді? 01:08:00 Абсурд әзіл бізде қалай дамып жатыр? 01:11:00 10 жылдан кейінгі Талғат Тынымбай 01:13:00 Қазақ комиктерінің әзілдері 01:22:00 БЛИЦ!
-
Ильяс Кунпеисов: өміріңді құрта бермей, өзіңді қайта таны / Narikbi LIVE #135 18.03.2026 2ч 7минБүгінгі қонағымыз ICF коуч - Ильяс Кунпеисов. Бұл шығарылым - біз бәріміздің басымызда бар «тұйық шеңберден» қалай шығу туралы еркін әңгіме. Егер сен де өміріңде бір қателікті қайталай беретініңді байқасаң, қала немесе жұмыс ауыстырсаң да паттерндерің (әдеттерің) өзгермей жатса, онда бұл подкаст дәл сен үшін. - Жалқаулық — бұл жаман қасиет емес пе? Неге үнемі «энергиям таусылды» деп жүреміз? - Отбасы — бұл «бизнес-жоба». Иә, естілуі суық шығар, бірақ неге біз бизнеске келісімшарт жазамыз да, өмірлік жарымызбен ашық сөйлесуден, рөлдерді бөлуден қашамыз? Фильмдердегі «мінсіз махаббат» туралы ертегілер бізді қалай алдап келгенін айттық. - Өзіңнің талантыңды тап. Неге бір адамдарға көп сөйлеу оңай, ал екіншілеріне жалғыз отырып ойланған майдай жағады? Өзіңді қинауды қойып, табиғи талантыңды қалай пайдалану керек екенін түсіндік - Қысқасы, өмірдің «бояулары» солғын тартып бара жатса, өзіңді қайта танып, бағытыңды түзеткің келсе, соңына дейін тыңда. Бұл жерде жауап іздеген адамға нақты құралдар бар Ilyas: https://instagram.com/ilyas_kunpeisov Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live 00:00 Тизер 01:10 Сахабалардың ерекше таланттары 03:00 Қонақта — Ильяс Кунпеисов 09:50 Неге Gallup тестін тапсыру маңызды? 14:45 Gallup тесті адамды қалай өзгертеді? 22:22 Адамдардың жасырын таланттары 34:00 Неге істерді кейінге қалдырамыз? 41:30 Мәтін арқылы адамдарды қалай көндіреміз? 45:00 Интроверт адамды қалай ашуға болады? 51:20 Үлкен компаниялардың негізгі проблемалары 01:00:21 Жас мамандардың жұмыс істеу формуласы 01:10:10 Google компаниясының өсу құпиясы 01:13:20 Клиенттердің жиі қоятын сұрақтары 01:29:30 Ерлі-зайыптылар — серіктес бола ала ма? 01:36:00 Коучтардың білім беру схемалары 01:40:20 Бизнес серіктесті қалай дұрыс таңдаймыз? 01:44:00 Ерлі-зайыптылар арасындағы «химия» 01:47:00 Адамдардың құндылықтарын қалай ажыратамыз? 01:56:00 Отбасы құратын адамдарға лайфхактар 02:00:00 БЛИЦ! 02:04:00 Ильястың қорқынышы
-
Назгүл Қожабек: қазақ тілінің проблемасы - орыс тілін білмеуіміз / Narikbi LIVE #134 26.02.2026 2ч 39минБүгінгі подкастымыздың қонағы — филолог, аудармашы, тіл жанашыры және танымал «Калькасыз қазақша» телеграм арнасының авторы Назгүл Қожабек. Назгүл ханым — тілі ащы, көзі қырағы редактор. Ол әлеуметтік желілердегі грамматикалық және стилистикалық қателерді атын атамай-ақ дәл тауып, жұртқа көрсете біледі. Бұл шығарылымда біз балалардың тілдік контент тұтынуы, медиадағы қазақ тілінің салмағы, аударма сапасы мен күнделікті сөйлеуде жіберетін қателіктеріміз туралы ашық әрі пайдалы әңгіме өрбіттік. «Туылған күніңмен» бе, әлде «Туған күніңмен» бе? Неге біз қазақша сөйлегенде асығамыз? Қалай өз тілімізде сауатты әрі сенімді сөйлей аламыз? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын видеодан көре аласыздар! Калькасыз қазақ тілі: https://t.me/kalkastop Nazgul: https://instagram.com/dark_nazgul Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live Таймкодтар: 00:00 Тизер 02:00 Қазақ ақындарының еңбектері және тілге әсері 05:00 Қазақ тілінің жанашыры — Назгүл Қожабек 08:00 Баланың тілдік контент тұтынуы қалай қалыптасады? 11:00 Қазақша контенттің медиа саласындағы салмағы 15:00 Шетелде қазақ тілін қалай сақтап, дамытып жүрміз? 20:30 Қостілді коммуникация: мүмкіндік пе, кедергі ме? 24:40 Алаяқтардың тілдік схемалары 28:00 Қазақ тіліне аударылып жатқан кітаптар 30:40 Қазақ тілі неге және қалай танымал болып келеді? 35:00 Тілдегі жасырын тіркестер мен мағыналар 50:00 Сөздерді орнымен қолданудың маңызы 01:04:00 Тіл уақыт өте қалай өзгереді? 01:16:00 Мейрамхана мәзірлеріндегі аударма сапасы 01:24:00 Зат есімдердің дұрыс қолданылуы 01:35:00 Қазақстандағы тіл мәселелері мен оң өзгерістер 01:46:00 «Туылған күніңмен» бе, әлде «Туған күніңмен» бе? 01:59:00 Қазақ тіліндегі жиі қате жазылатын сөз тіркестері 02:07:00 Қазақша сөйлегенде және жазғанда неге асығамыз? 02:14:00 Қалай өз тілімізде сауатты әрі сенімді сөйлей аламыз? 02:23:00 БЛИЦ!
-
Данияр Аренов: ерке емес, еркін бала тәрбиелеу / Narikbi LIVE #133 05.02.2026 1ч 58минБұл подкасттың қонағы — белгілі балалар психологы Данияр Аренов. Біз ата-аналар мен балалар арасындағы ең өзекті әрі күрделі тақырыптарды талқыладық. Сұхбат барысында біз мына мәселелерді қозғадық: • Бала — сіздің «жобаңыз» емес: Неге ата-ана баланың болашағы мен тұлға болып қалыптасуына 100% жауапты бола алмайды және неге бұл жүкті иықтан түсіру керек?. • «Піл» ме, әлде «Бөкен» бе? Балаңыздың жүйке жүйесінің түрін қалай анықтауға болады? Төзімді «піл» балалар мен сезімтал «бөкен» балалардың тәрбиесіндегі айырмашылықтар қандай? • Шаршаған ата-ана феномені: Өзіңізді «жаман ата-анамын» деп кінәлауды қалай тоқтатуға болады? Гаджеттер неге кейде ата-ананың амалсыз көмекшісіне айналады және «арзан дофаминнің» қаупі қандай? • «Шексіз респаун» философиясы: Баланы қателік жасаудан қорықпауға қалай үйретеміз? Неге нәтиже емес, өмір сүру процесі маңызды?. • Ажырасу және бала психологиясы: Бұл жаңалықты балаға қалай дұрыс жеткізу керек? «Маңызды ересектердің» бала өміріндегі рөлі қандай? • Ер балалар тәрбиесі: «Еркектер жыламайды» деген стереотиптің зияны және ұл баланың бойындағы сау агрессия мен батылдықты қалай қалыптастырамыз? Бұл сұхбат — өз баласын жақсырақ түсінгісі келетін және тәрбиедегі кінә сезімінен арылғысы келетін әрбір ата-анаға арналған терең әрі шынайы әңгіме. Daniyar: https://www.instagram.com/arenov_daniyar Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live 00:00 – Тизер 00:33 – Қонақта — бала психологы Данияр Аренов 08:00 – Гаджеттер мен "арзан дофамин": Телефон беру — ата-ананың өзін-өзі сақтау амалы ретінде 13:20 – "Қант пен Алма" метафорасы: Виртуалды әлемдегі әлеуметтік аштықтың зияны. 18:50 – Бала – ата-ананың "жобасы" емес: Неге біз бала болашағы үшін 100% жауапты емеспіз?. 24:30 – "Піл" және "Бөкен" темпераменті: Баланың жүйке жүйесінің ерекшелігін анықтау. 30:15 – Ата-ана рөлінің өзгеруі: Үш жастағы "диктатордан" жасөспірім шақтағы "досқа" дейін. 38:40 – Тәрбиедегі тыйымдар: Физикалық және моральдық қысымның (игнор, манипуляция) зияны.45:10 – Сапалы уақыт тапшылығы: 18 жылдың ішінде баламен бірге болатын нақты 5-6 ай. 52:00 – "Респаун" (Қайта тірілу) философиясы: Баланы қателік жасаудан қорықпауға және резилиенске үйрету. 58:30 – Ажырасу және бала: Жалғызбасты ата-аналарға қолдау және "маңызды ересектер" рөлі. 1:06:15 – Ажырасу туралы балаға қалай айту керек?: Сказкотерапия және жасөспірімдермен шынайы сөйлесу. 1:13:40 – Эмоционалды интеллект: 120 түрлі сезімді атау және оларды реттей алудың маңызы. 1:19:50 – Мама — "найзағай қайтарғыш": Бала неге тек анасына сезімін жарып, "жарылады"?. 1:25:20 – "Еркектер жыламайды" стереотипі: Көз жасы мен батылдықтың арасындағы байланыс. 1:31:00 – Пілдер мен Бөкендер ғасыры: Қазіргі замандағы эмоционалды тұрақтылық пен күш теңгерімі 1:50:23 Шабыт беретін кинолар 1:52:31 Данияр Аренов неден қорқады?
-
2026 бизнесті сақтап қалу формуласы / Мират Ахметсадық / Narikbi LIVE #132 05.02.2026 1ч 35мин2026 жыл енді басталса да, кәсіпкерлер үшін оңай соқпайтыны қазірден белгілі. Жаңа Салық кодексі, инфляция, жасанды интеллектінің қарқыны — осының бәрі бизнеске тікелей әсер етіп жатыр. Дәл осы сұрақтарға жауап іздеу үшін бүгін біз студияға белгілі кәсіпкер әрі инвестор — Мират Ахметсадық мырзаны шақырдық. Мират мырза — Өскеменнің қарапайым жігітінен еліміздегі венчурлық нарықтың көшбасшысына айналған, MOST Ventures компаниясының негізін қалаушы тұлға. Бүгінгі шығарылымда біз экономикадағы өзгерістерді талдап, алдағы жылдары кәсіпкерлер не нәрсеге дайын болуы керектігін бүге-шігесіне дейін талқыладық. Mirat: https://www.instagram.com/mirat.akhmetsadyk Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер 01:40 🎙️ Қонақта — Мират Ахметсадық 04:31 📊 2025 жылдың қорытындысы 15:00 📉 Кәсіпкердің инфляцияға қатысты жанайқайы 17:00 💳 Кредиттердің пайыздық мөлшерлемесі 23:00 💰 Кәсіпкерлердің ең басты мәселесі — қаржы 26:30 🚗 Шетелде көлік алу неге қиын? 31:00 🗓️ 2026 жылға қандай жоспармен кіру керек? 42:33 💱 Валютадан пайданы қалай көруге болады? 48:00 📄 Облигация не үшін шығарылады? 54:10 🥊 Кәсіпкерлік бәсекелестік 58:40 ⚠️ Инфобизнестің кемшіліктері 1:01:25 🏗️ Жүйелі бизнес жасау неге маңызды? 1:09:50 💡 Идеяны қалай жүзеге асыруға болады? 1:20:00 💻 IT саласының дәуірі 1:25:11 🧠 Кәсіпкерлерге арналған лайфхактар 1:29:22 ⚡ Блиц-сұрақтар!
-
Ануар аға: қажылықтың шын мағынасы / Narikbi LIVE #131 05.02.2026 1ч 58минҚажылық — мұсылман үшін парыз етілген ұлы сапар, жүректі жаңартатын үлкен мектеп. Бірақ бүгінде біз кейде оның сыртқы көрінісіне ғана мән беріп, шын әрі терең мағынасына үңіле бермейміз. Шынымды айтсам, бұл жағдай менің де басымнан өткен. Осы шығарылымда біз қонағымыз — тәжірибелі қажы-гид Ануар ағамен бірге қажылықтың жолын толық талқылаймыз: ниеттен бастап, ихрам, тауаф, сағи, Арафат, Муздалифа, Мина секілді кезеңдердің әрқайсысы нені білдіреді? Қажылық адамның ішкі дүниесіне қалай әсер етеді? Бұл сапардан “қажы” атағымен емес, қандай жүрекпен оралу керек? Егер сіз қажылыққа баруды жоспарлап жүрсеңіз немесе “қажылықтың шынайы мәні қандай?” деген сұрақ көкейіңізде болса — бұл подкаст сіз үшін. Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер 02:00 🎙️ Қонақта — Ануар ұстаз 04:10 🕋 Қажылық неге маңызды? 18:00 🤔 Неге қазақтар қажылыққа барғаннан кейін ғана намазға бет бұрады? 21:00 🧳 Қажылыққа ешкім толық дайын болып бармайды 27:00 🛤️ Қажылыққа апарар жол неге ауыр? 31:00 ⚖️ Күнә мен сауаптың жасалу жолдары 44:40 🧘♂️ Рухани тепе-теңдікті қалай ұстауға болады? 50:10 💧 Зәм-зәм суының шығу тарихы 1:00:10 ❤️🔥 Үлкен қажылықтағы ішкі сезімдер мен рухани өзгерістер 1:15:00 🕌 Жұма күнгі құлшылық неге ерекше маңызды? 1:18:00 🌙 Ораза қашан қабыл болады? 1:26:10 📿 Қажылыққа баратын жандарға пайдалы кеңестер 1:36:20 🔄 Қажылықта сезілетін рухани энергия 1:48:00 ⚡ Блиц-сұрақтар
-
Мыңжылқы Бердіқожаев: мединица неге қолжетімсіз? / Narikbi LIVE #130 05.02.2026 1ч 13мин🎙️ Бүгінгі подкасттың қонағы — елімізге белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев.Ол — Астанадағы Президент ауруханасында директордың орынбасары болып қызмет атқарған, Орта Азияда миға ең көп (7500-ден астам) ота жасаған сирек мамандардың бірі. 🧠 Бұл сұхбатта біз ми, медицина және өмірдің мәні туралы терең әңгімелестік: • Қазақстанда сапалы ота алу қаншалықты қолжетімді? • Жаңа технологиялар дәрігерді толық алмастыра ала ма? • Неліктен қытай халқы ұзақ өмір сүреді? • және де адам денсаулығы мен саналы өмірге қатысты басқа да өзекті тақырыптар қозғалды. Mynzhylky: https://www.instagram.com/mynzhyl Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live ⏰ 00:00 – 🎬 Тизер 👨⚕️ 01:15 – 💬 Қонақта Мыңжылқы Бердіқожаев 💻 02:10 – 🏥 Онлайн трансляциядағы операция қалай өтеді? ⚠️ 06:40 – 💸 Стенозға айыппұл неге салынады? 🧠 14:20 – 🩺 Аневризма мен стеноз — сирек кездесетін аурулар ❤️ 16:20 – 🔍 Стеноздың себептері 💉 23:33 – ❤️🩹 Жүрекке стенд қалай қойылады? 🌍 28:40 – 🏦 Басқа елдердегі сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді? 🩻 31:50 – 💉 Тромбоэктомия әдісі ⚡ 41:40 – 🧲 Транскраниалды магниттік стимуляция 🚬 48:05 – 😷 Темекінің әсері 🥢 54:20 – 🧘♂️ Қытай халқы неге ұзақ өмір сүреді? 💨 59:09 – 🚭 Кальянның зияны қандай? 📊 1:00:40 – 👩⚕️ Әйел мен ер адамның онкологиялық статистикасы 🏥 1:06:00 – 👨🔬 Дәрігерлердің ортасы қандай? 🤔 1:09:00 – 💭 Мыңжылқы Бердіқожаев неден қорқады?
-
Қайрат Құрманбаев: Палестина, Құддыс және билік / Narikbi LIVE #129 10.10.2025 1ч 24минБүгінгі қонағымыз – белгілі исламтанушы, PhD докторы, доцент, дінтанушы Қайрат Құрманбаев. Бұл шығарылымда біз бүкіл әлемді алаңдатқан Палестина мәселесінің тарихи тереңіне үңілдік: • Құддыс жерінің қасиеті неде? • Неге ғасырлар бойы бұл мекен үшін соғыстар тоқтамады? • Палестина біз үшін неге маңызды? Kairat: https://instagram.com/kairat_kurmanbayev https://instagram.com/qairat_ustaz Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер 01:30 🎙️ Қонақта Қайрат Құрманбаев 03:50 🌍 Палестина қалай адамзатқа маңызды болып кетті? 11:50 📜 Палестинаның құрылған тарихы 21:40 🕌 Юша пайғамбарымыздың Палестинаға сәжде жасап кіруі 29:40 📖 Библия қалай жазылған? 33:32 ✡️ Қудалауға ұшыраған еврейлер 44:30 👑 19 пайғамбардың өмірі 56:20 🙏 Аллаға қайту дегеннің мағынасын қалай түсінеміз? 1:00:00 ⚖️ Жер бетіндегі баланс 1:08:20 🤲 Палестинаның бізге не қатысы бар? 1:15:10 📚 Құран неліктен аударылмайды? 1:18:20 💭 Қайрат Құрманбаевты не толғандырады?
-
Арын Құнанбайұлы: сөз мәдениеті, Абай vs. әл-Ғазали және ән талдау / Narikbi LIVE #128 30.09.2025 2ч 53минБүгінгі қонағымыз – белгілі филолог, KBTU және ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Арын Құнанбайұлы. Бұл шығарылымда біз маңызды тақырыптарды талқыладық: • Оқу және жазу мәдениеті; • Абай мен әл-Ғазали шығармашылығының үндестігі; • Қазақ тілінде терең ойлану мәдениетінің әлсіздігі мен себептері; • Танымал әндердің мәтіндері мен олардың шынайы мағынасы. Терең ой, әдеби талдау мен жаңа көзқарастарды бірге іздедік. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Aryn: https://instagram.com/aryn.qunanbai Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер 02:00 🎙️ Қонақта Арын Құнанбай 05:30 📖 Оқуға деген махаббат қайдан пайда болды? 12:00 👶 Қазақ әдебиетін бала қанша жастан оқу керек? 15:00 🤔 “Оқу” деп нені түсінеміз? 21:00 🧪 Дофамин гормоны неге жауап береді? 23:50 🙏 Нығметті сезіну үшін, одан бастарту керек 31:00 🪄 «Хәрри Поттерді» оқыған адамның ойлау қабілеті 38:00 🔍 Мәтіннің мәнін қалай түсінеміз? 49:00 🧠 Абайдың идеясы 55:00 🐢 Баяу оқу концепциясы 1:00:00 🗣️ Сөйлеу мәдениетін қалай қалыптастыруға болады? 1:07:00 ⏳ Ойлаудан қашан қаламыз? 1:17:00 💎 Қазақ тіліндегі сөздердің потенциалы 1:45:00 🛠️ Сөздерді зерттеуге болатын құралдар 1:50:00 📜 Дәстүрлі сөз саптаулар 1:57:00 🎶 Әншілердің қазақша жазған тексттерін талдау және бағалау 1:58:20 🎵 De Lacure – Dal Solay 2:01:00 🎵 Alem – Kuim 2:10:00 🎵 Sadraddin – Ana 2:15:00 🎵 Bayansulu – Umytsam da 2:21:00 🎵 Мирас Жүгінісов – Әндетемін 2:31:00 🎵 Ilhan – Bir Ayda 2:34:00 🎵 Kalifarniya & Мирас Жугунусов - Qymbattym 2:38:00 🎵 Belucci – Köbelek 2:41:20 🎵 Turar – Иіс 2:43:00 🎵 DudeOnTheGuitar 2:46:30 🎵 Yenlik 2:50:10 🌟 Табысты адам деген кім?
-
Ғани Төлепбергенов: энергетик, аритмия, стресс және жүрек / Narikbi LIVE #127 29.08.2025 2ч 4минБүгінгі қонағымыз – белгілі кардиолог-аритмолог, Алматы кардиология орталығының жетекші маманы, «Bolashaq» бағдарламасының (Литва) түлегі, PhD Ғани Төлепбергенов. Бұл эпизодта біз жүрек денсаулығына қатысты маңызды сұрақтарға жауап іздедік:- Энергетиктердің жүрекке шынайы әсері қандай? - Стресс жүрек ауруларына қалай әкеледі? - Жүрекке не үшін сым (кардиостимулятор) жалғанады? - Жүрек қағысын бақылау неге маңызды? Сонымен қатар, жүрекке қатысты тағы да көптеген қызықты тақырыптар қозғалды. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Gani: https://instagram.com/gani_kz_ Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер 02:20 🫀 Жүрек маманы Ғани Құнанбайұлы 05:00 🔌 Жүрекке неге сым жалғанады? 11:00 ⚠️ Жүрек тоқтап қалудың салдары 20:00 🤔 Неге аритмия саласын таңдады? 26:00 🎓 «Болашақ» бағдарламасымен барған пайдасы 29:40 🤝 Науқастармен қалай қарым-қатынас жасауға болады? 37:00 🔍 Аритмияны қалай анықтаймыз? 44:00 🛠️ Жүректегі ота қалай жасалынады? 49:00 🩺 Дәрігердің бір күні қалай өтеді? 1:03:00 😣 Инфаркт кезінде адам не сезінеді? 1:11:10 💊 Жүрекке пайдалы дәрілер 1:16:00 📖 Науқаспен болған оқиға 1:26:00 🍽️ Тамақ жүрекке қалай әсер етеді? 1:34:00 🖥️ Медициналық технология қалай дамып жатыр? 1:39:00 🇰🇿 Қазақстанда ота жасау деңгейі 1:46:00 🙂 Науқастың көңіл күйі дәрігерге байланысты 1:53:00 ⚡ БЛИЦ!
-
Данияр Жігітбек: нені құрбан ете аласың? / Narikbi LIVE #126 19.08.2025 1ч 44минБіздің дәстүрлі Данияр Жігітбекпен жартыжылдық подкастымызды қабыл алыңыз. Біз джиу-джитсу, 12 апталық жылдың қорытындысы, бала әкеден қалай үлгі алатыны және т.б. тақырыптарды талқыға салдық. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Daniyar: https://www.instagram.com/dzhigitbek Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер 02:10 🎙️ Қонақта Данияр Жігітпек 03:50 📊 12 апталық жылтың қорытындысы 12:00 🎯 Мақсатқа қалай фокус қоямыз? 16:20 ⚖️ Мақсаттарымызға қалай құрбан етеміз? 22:00 🕌 Өмір мен ақыреттің балансы 34:30 🧘♂️ Нәпсімен келісу және оны басқару 39:50 👶 Балаларына есім қойған туралы 44:00 ⏳ Бұл подкаст не үшін ұзақ болу керек? 55:40 👨👦 Бала әкеден үлгі алу керек пе? 58:30 🤔 Адам неге біреудің көргенін істейді? 1:06:20 🏛️ Балаларыма бұл өмірде не қалдырамын? 1:17:00 🌊 Орта кризисте не істеуге болады? 1:24:00 💡 Подкаст адамдарға қалай әсер етеді? 1:26:00 🔄 Жарты жылдағы трансформация неге үйретті? 1:41:00 😨 Данияр Жігітпектің қорқынышы
-
Азамат Скаков: орта жас кризисінен өттім / Narikbi LIVE #125 08.08.2025 1ч 50минПодкаст қонағы кітап авторы әрі коуч - Азамат Скаков. Біз Азамат мырзамен әр адам баласының өмірінде өтетін экзистенциалды дағдарыс пен кризистар, оның өту жолдары мен қажет өзгерістерді талқыладық. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Azamat: https://instagram.com/azamat__skakov Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер 02:55 👤 2025 жылдағы Азамат Скаков кім? – өмірі, қызметі, болмысы 07:02 🏍️ Мотоциклмен саяхат қауіпті ме? 17:00 💭 Экзистенциалды дағдарыс неден туындайды? 21:30 🔍 Өз ісіңді қалай анықтауға болады? 25:00 🏃♂️ Марафон жүгіретін адамның күйі – психологиялық-физикалық сәттер 29:00 💪 Спортты тұрақты түрде жалғастыру жолдары 33:30 ⚽ Балалар мен спорт: 10 жасқа дейін қызығушылығын сақтау 37:00 📆 30-дан кейінгі өмір жоспары 41:00 🎨 Хоббидің өмірдегі рөлі 53:00 🛋️ Ер адамның үйде жатуы дұрыс па? 59:00 💰 Қаржылық резерв: маңыздылығы мен қажеттілігі 1:08:30 📚 Кітап оқуға арналған лайфхактар 1:17:00 🪖 Бауыржан Момышұлының өмірден үзінді 1:27:00 📖 Көркем әдебиет пен мотивациялық кітаптардың айырмашылығы 1:32:00 🧍♂️ Қазіргі еркектердің “майдалануы” 1:37:00 ✍️ Кітап жазу үшін өмір сүре білу керек 1:41:00 ⚠️ 30 жастағы дағдарыстың алдын алу жолдары 1:45:00 💭 Жаман сценарийлер туралы ойлар және олардың болмаған сәттері 1:47:00 😨 Азамат Скаковтың қорқыныштары
-
Құрманғазы Садыбаев: Тар ойдың тұзағындамыз / Narikbi LIVE #124 17.07.2025 1ч 51минБүгінгі подкаст қонағы белгілі ұстаз, ғалым PhD - Құрманғазы Садыбаев. Біз шығарылымында Құрманғазы мырзаның жаңа Tabys атты кітабын талқылап шықтық. Табыс деген түсінікті неге дұрыс түсінбей жүрміз? Оның қандай сиқыры бар? Табысты болу міндетті түрде бай болу дегенді білдіре ме? - және т.б. тақырыптарды терең тақылаға салдық. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Kurmangazy: https://instagram.com/kurmangazy_sad Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер 01:20 🎙️ Қонақта Құрманғазы Садыбаев 03:00 📘 «Табыс» кітабының жазылу мақсаты 12:00 😊 Табысты болғаннан кейін бақытты боламын ба? 15:50 🤔 Кедей адам табысты бола ала ма? 22:30 💼 Бай болуға көмектесетін құралдар 30:10 📱 Желіде ақша табатын техникалар 37:00 🧠 Тұлғалық даму кімге керек? 42:00 📚 «Табыс» кітабының өзгешелігі неде? 51:30 🕌 Құлшылық арқылы табыс табу мүмкін бе? 55:00 🌟 Танымал болудың формуласы 1:04:00 🧭 Ниетті қалай түсінуге болады? 1:12:32 😶 Адамның жалғыз қалуы дұрыс па? 1:22:10 🎭 Неге адамдар өзіне шынайы емес? 1:34:00 💫 Жанның ісі екенін қайдан білуге болады? 1:42:00 🥋 Адамға зақым келтіретін спорт түрі харам
-
Ақсұлтан Қалиев: контенттен концептке, өмірінің ребрендингі / Narikbi LIVE #123 19.06.2025 1ч 43минБүгінгі қонағымыз белгілі маркетинг маманы - Ақсұлтан Қалиев. Біз Ақсұлтанның танымал блогерлік/вайнерлік (xaxa show) дәуірінен бүгінгі кәсіпкерлік жолына дейін өтіп шықтық. - Өмірдегі өзгерістерге не себеп болды? - Контент арқылы қалай қызмет етуге болады? - Қазақстандық маркетинг саласын талдау және т.б. тақырыптарды қозғап өттік. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Aksultan: https://www.instagram.com/aksultankali Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер 02:20 👤 Ақсұлтан Калиев кім? 04:06 🎥 Контент түсіруге қызығушылық қайдан басталды? 09:48 🏡 Отбасынан алған тәрбие 15:13 🔄 Ақсұлтанның түрлі өмір кезеңдері 21:00 🕋 Исламға қалай келдім? 31:00 📱 Өзін блогер деп санай ма? 36:00 🗣️ Қазақ тілді мен орыс тілді контенттің айырмашылығы 42:00 💼 Маркетинг саласындағы тәжірибесі 49:12 👨👩👧👦 Отбасымен контент жүргізуге бола ма? 56:20 💰 Baipket жобасы не жайында? 1:14:00 🎙️ Неге микрофон алдында сөйлейтіндер көбейіп кетті? 1:20:17 🛠️ Қазіргі инструменттермен қалай жұмыс істеуге болады? 1:32:00 🇰🇿 Қазақстандағы маркетингі мықты компания 1:35:00 🎬 Қайталап көретін фильмдер 1:37:00 🏆 “Табысты адам” деген кім?
-
Қуаныш Шонбай: өкінбей өмір сүре біл / Narikbi LIVE #122 15.05.2025 2ч 28минRumi ресторандар желісі, Shonbay Business School және көптеген бестселлер кітаптар – Қуаныш ағаны көпшілік осы жобалар арқылы таниды. ⠀Бұл шығарылымда жол апатының оның өміріне қалай әсер еткені туралы айттық. Сонымен қатар, соңғы жылдары маркетинг пен бизнесте не өзгергенін, қандай ой келіп, неге басымдық бергенін нақты сұрадық. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Kuanysh: https://www.instagram.com/kuantr Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер 02:00 🧑💼 2025 жылғы Қуаныш Шонбай кім? 08:00 💸 Барлығы бай болу керек пе? 13:23 ✨ “Тек жақсылық тілеймін” иллюзиясы 18:30 🏍️ Мотоцикл апаты қалай әсер етті? 24:00 🧠 Есімде қалған сәттер 31:23 ⚖️ Жетістік пен табыстылық сезімдері 32:30 🚫 Адамға анализ жасамай үкім шығару 37:20 📕 Дәптердегі қызыл сызық не үшін салынған? 43:10 📖 Бұрынғы заманның проблемасы неге қазір трагедия? 49:00 👔 Қуаныш Шонбай қандай кәсіпкер? 56:00 📢 Қазақ тілді маркетинг неден пайда болды? 1:02:41 🌀 Адамның дамуы неге міндетті емес? 1:09:00 🧭 Таңдау механизмі қалай жұмыс істейді? 1:20:00 🙋♂️ Неге жастар барлығын алғысы келеді? 1:27:00 🎲 Қазақтың тәуекелге қандай қатынасы бар? 1:41:00 ☝️ Алла қалағаннан кейін сен істедің бе, әлде сен істегеннен кейін Алла қалады ма? 1:47:00 🎯 Миссиясын тапқан адам деп кімді айтамыз? 1:59:00 🧩 Қазақтар кімге өзін дәлелдегісі келеді? 2:04:00 ✍️ Соңғы нүкте адамның ойын өзгерте ме? 2:09:10 🤲 Дұға тілеу концепциясы 2:17:00 🎙️ Өмір өзгертпейтін подкаст 2:19:00 🏆 “Табысты адам” деген кім?
-
Садық Шерімбек: анамды жаяу Меккеге алып бардым / Narikbi LIVE #121 06.05.2025 3ч 21минБүгінгі подкаст қонағы - Садық Шерімбек: жазушы, аудармашы, технократ, IT маманы және Qalan Publishing баспасының негізін қалаушы. Білмегенге, Садық мырза қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік контентті дамытуға белсенді атсалысып, «JÜZ», «SAFAR» сияқты кітаптардың авторы. Сонымен қатар, балаларға арналған «AjA Kids by Qalan» журналы мен «Әл-Жәбірдің атасы» ғылыми журналының шығарушысы. Біз Садықтың анасымен жаяу Меккеге дейінгі саяхатын талқылап, сол жолда орын алған оқиғалар мен өмірлік сабақтарды талқылап, саралап көреміз. - Ол сапар қалай Садыққа өзін-өзі табуға көмектесті? - Түркілер мен арабтардың ерекшеліктері неде? - Иранда қалайша тегін саяхаттауға болады? және т.б. тақырыптарда қозғалған. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Sadyq: https://www.instagram.com/msherimbek Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер 03:00 🙋♂️ Қонақта Садық Шерімбек 07:30 🇮🇳 Үндістанның шын келбеті қандай? 12:00 🗣️ Патриот сөзінің өзбекше мағынасы 19:00 🕋 40 күнде апамды Меккеге апардым 25:00 👶 Ауылда балалық шағы қалай өтті? 27:00 👩👦 Анаммен сапарлас болдым 33:00 🧓 Үлкен кісілер неге сапарға шықпайды? 41:40 🚧 Жолдың қиын сәттері 44:00 💔 Құдайдан алыстағаны соншалық атеист болып кеттім 51:00 💭 Өлгеннен кейін неге сенесің? 58:30 😊 Өмірімдегі ең қуанышты сезім 1:02:11 🙏 Құдай адамға не үшін керек? 1:05:00 🕊️ Жолға шығудағы мақсатым — мұсылмандық парызымды орындау 1:08:40 ❓ Құдайдан не үшін кеткен себебі 1:15:00 🧬 Тәңіршілер қалай пайда болды? 1:20:00 👶 Адам баласы сену сезімімен туылады 1:22:40 📖 Атеист бола тұра Жумонгқа құран оқыдым 1:30:00 🕌 Көптің аяғы тиген жер мен тілегі тиген жердің қасиеті 1:40:00 🚶♂️ Меккеге барар жолдағы қызықтар мен қиындықтар 2:11:00 😤 Сабыр деген сөзді маған айтпаңыз 2:28:00 🏠 Қазақ бауырымның үйі болғанын тіледім 2:33:10 💭 Жолдың берген ойлары 2:41:00 🤷 Барлығымыз неге бірімізге ренжіп жүрміз? 2:50:00 🕋 Қағбаны көріп кетуге ниет еттік 2:57:10 🤲 Құдайға шексіз алғыстар 3:13:00 📚 Qalan — Ғылыми танымдық журнал 3:16:50 🔁 Қайталап көре беретін контент 3:17:00 🏆 Табысты адам деген кім?
-
ARO: әнімнің шын мағынасын көбі білмейді / Narikbi LIVE #120 17.04.2025 2ч 11минБүгін подкаст қонағы белгілі әнші, сазгер - Арман Сейітжаппаров, көбімізге ARO атымен танымал. Біз Арманның белгілі әндерінің мағынасын терең қазып, Арманның көкейінде жүрген, бірақ көбіне айта бермейтін тақырыптарды қамтыға тырыстық. Арзан әуе билеттері: https://aviasales.kz Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi ARO: https://www.instagram.com/seitjapp.aro.ff Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер – Бүгінгі подкасттың шымылдығын ашамыз! 01:20 🎤 Sholy/Шолу өлеңінің мағынасы қандай? 06:30 ✍️ Ел ішіндегі проблеманы шығармашылықпен жеткізу жолы 09:49 🧢 Қонақта — Арман Көмекұлы a.k.a. ARO 14:02 👨👩👦 Ата-ананың өнерге көзқарасы мен қолдауы 19:26 🚸 «Балам мен сияқты болмасын» – ішкі шындық 22:37 🧠 Әкенің тәрбиесі мен рухани байланыс 29:30 ✉️ 16 жасында алғаш ән жазғаны — кімге арнады? 36:30 ⚡ Музыкалық шабыт қайдан туады? 43:30 🎧 ARO әндерінің өзгешелігі неде? 50:00 🎥 «Әр әніме клип түсіретін бай емеспін» 53:40 💸 Той арқылы тез танылу мүмкін бе? 55:30 🗣️ Өлең жолдары арқылы жастарға үндеу 1:05:00 ⚖️ Әділеттілік жайлы ARO концепциясы 1:12:23 🔥 Скриптонит — шабыттың бір көзі 1:14:30 🌟 Ең жарқын естеліктермен бөлісті 1:20:10 👁️ Адамдардың назарынан құнды не бар? 1:25:00 🗺️ Белуджистан — тәуелсіздікке жете алмаған ел 1:33:40 👤 Әлемде эгоистер неге көбейіп барады? 1:36:00 🎼 ARO-ға әсер еткен тұлғалар 1:46:00 🧬 Шиелі ДНҚ — тамырын жоғалтпаған рух 1:49:49 📀 ARO-дан жақында альбом! 1:53:00 🎬 Қазақфильмнің көрінбей қалған мұралары 1:55:00 🎞️ Сүйіп көретін киносы 1:57:00 Darkhan Juz қандай адам? 2:00:00 🎧 Өз тыңдарманын тапқан сәт 2:04:00 🏆 «Табысты адам деген кім?» — қорытынды ойлар
Популаран у
Овај подкаст се појављује и у подкаст листама ових земаља.