JJT.FM

JJT.FM

JJT.club
Ország Kazahsztán
Nyelv KK
Epizódok 1
Legutóbbi 22.09.2026

JJT.FM — жастар арасындағы еркін, әрі пайдалы сұхбаттар алаңы. Бұл аудио подкаст замандастардың басын қосып, көңілді отырыс пен теңдессіз тәлімді ұштастыратын жоба. Мұнда өмір, даму, достық пен заманауи трендтер жайлы еркін форматта, әзіл мен жеңіл юмор арқылы сыр шертеміз. Құлаққапты киіп, бізбен бір толқынға түсіңіз!

Epizódok

  • JJT.FM: Өзін-өзі тану 22.09.2026 36p
    Адам өзін және өзгелерді қалай таниды: сұрақтармен бе, әлде іс-әрекетпен бе? jjt.fm подкастының жаңа шығарылымында Асқар ағаймен өзін-өзі тану бағытында әңгіме өрбіттік. Ағай өзінің Исландия сапары, шаршаумен күрес, өзіңді ашу үшін әрекет ету және адамдарды тану туралы ойларын айтып берді. Шынайы әрі салмақты сұхбат болды. Әсерлі тыңдау тілейміз!
  • JJT.FM: Тарих сабағы. Капитализм және біз 01.09.2026 58p
    Қыркүйектің бірі Сынып жұмысы Капитализм және біз JJT.FM кезекті шығарылымы тарих сабағындағы капитализм тақырыбымен өрбіді. JJT alumni бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан тарих сабақтарының бірін сіздерге ұсынамыз. Бүгінгі шығарылымда тарих беттерін парақтай отырып, экономика мен күнделікті өміріміздің қалай ажырамас бөлшекке айналғанын талқылаймыз. 🔔 Қоңырау соғылды, құлаққапты киіп, сабаққа қосылыңыздар!
  • JJT.FM: Бизнестен саясатқа 20.08.2026 25p
    JJT.FM-нің 2-шығарылымында Bugin Holding компаниясының негізін қалаушы Айбек Қуатбай мырзаның бизнестен саясатқа қадам басуы, Құрылтай, жастардың саясаттағы рөлі, ерекшелігі жайлы әңгіме өрбіттік. Тыңдап, пікір жаза кетіңіз!
  • JJT.FM: American dream vs Қазақша арман 15.08.2026 16p
    JJT.FM-нің алғашқы санында Парасат мырзамен Америка туралы, мұхиттың арғы жағындағы қызықтарды, әзілдерді және Америка мен біздің менталитеттің басты айырмашылықтарын талқыладық. Тыңдап, пікір жаза кетіңіз! Келесі эпизодтарда қандай кейіпкерді көргіңіз келеді? @jjt.club инста парақшадан бақылай аласыз!

Népszerű itt:

Ez a podcast ezeknek az országoknak a podcast-listáin is szerepel.