JJT.FM

JJT.FM

JJT.club
Country Kazakhstan
Language KK
Episodes 1
Latest 11.11.2026

JJT.FM — жастар арасындағы еркін, әрі пайдалы сұхбаттар алаңы. Бұл аудио подкаст замандастардың басын қосып, көңілді отырыс пен теңдессіз тәлімді ұштастыратын жоба. Мұнда өмір, даму, достық пен заманауи трендтер жайлы еркін форматта, әзіл мен жеңіл юмор арқылы сыр шертеміз. Құлаққапты киіп, бізбен бір толқынға түсіңіз!

Episodes

  • JJT.FM: О, махаббат, қосу-алу
    JJT.FM: О, махаббат, қосу-алу 11.11.2026 45m
    Махаббат — жұмбағы мен сұрақтары мол тақырып. Бұл шығарылымда біз, Айбек ағай, Айбат, Мереке және Нұриямен жұптар арасындағы ең өзекті тақырыптарды ақтарып, шынайы әңгіме өрбіттік. Жеке шекаралар, жұптар арасындағы келісімге келу жолдары және эгоны қалай басқару керектігін талқыладық. Сондай-ақ әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен Роза коучтың «әйел еркектен сұрануы керек» деген тезисіне тоқталып, махаббат үшін жасалған ессіз әрекеттер туралы естеліктермен бөлістік. 🎙️ Егер сіз де қарым-қатынасыңызды жақсартып, тереңірек түсінгіңіз келсе, бұл шығарылым сіз үшін! 🎧 Тыңдаңыз, бөлісіңіз және пі...
  • JJT.FM: Санжар Керімбай
    JJT.FM: Санжар Керімбай 20.10.2026 43m
    «Елге қызмет ету» ұғымының шынайы мағынасы қандай? Ғылымда, өнерде, күнделікті тірлікте үнсіз майдан ашқандардың орны қайда? «Нұртас және елге қызмет»: Бұл кітап біздің патриотизм туралы түсінігімізді қалай аударып-төңкереді? Неге адамды бір стандартты «өлшемге» салу — ең үлкен қателік? Адам болмысын шектейтін рамкаларды қалай бұзамыз? «Адамды бір шаблонға сыйғыза алмайсың. Ал тарихты бір тараптың көзқарасымен жаза алмайсың.» Егер сіз де дайын аксиомаларға күмәнмен қарап, оқиғалардың астарына үңілгіңіз келсе — бұл подкаст дәл сіз үшін!
  • JJT.FM: Кітапхан - Хамит Ердехан
    JJT.FM: Кітапхан - Хамит Ердехан 01.10.2026 44m
    Білім бар, бірақ тәрбие мен ішкі фундамент ақсаса — бұл Оппенгеймер трагедиясы сияқты қауіпті емес пе? Ал екі адамның бірге болуы үшін «сүйсең болды» деген романтика жете ме, әлде жұбайың досың болмаса, махаббат ерте ме кеш па үзіле ме? JJT.FM подкастының бұл шығарылымында адамды күлдіріп қана қоймай, тереңге үңілдіретін «КітапХан» жобасының авторы Хамит Ердехан қонақта. Мұхтар Шахановтың поэзиясы арқылы махаббаттың шынайы өлшемін таразылап, сана биігінде маңызды сұрақтарға жауап іздедік. 🎧 Салмақты әрі қызықты әңгімені жіберіп алмаңыз!
  • JJT.FM: Өзін-өзі тану
    JJT.FM: Өзін-өзі тану 22.09.2026 36m
    Адам өзін және өзгелерді қалай таниды: сұрақтармен бе, әлде іс-әрекетпен бе? jjt.fm подкастының жаңа шығарылымында Асқар ағаймен өзін-өзі тану бағытында әңгіме өрбіттік. Ағай өзінің Исландия сапары, шаршаумен күрес, өзіңді ашу үшін әрекет ету және адамдарды тану туралы ойларын айтып берді. Шынайы әрі салмақты сұхбат болды. Әсерлі тыңдау тілейміз!
  • JJT.FM: Тарих сабағы. Капитализм және біз
    JJT.FM: Тарих сабағы. Капитализм және біз 01.09.2026 58m
    Қыркүйектің бірі Сынып жұмысы Капитализм және біз JJT.FM кезекті шығарылымы тарих сабағындағы капитализм тақырыбымен өрбіді. JJT alumni бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан тарих сабақтарының бірін сіздерге ұсынамыз. Бүгінгі шығарылымда тарих беттерін парақтай отырып, экономика мен күнделікті өміріміздің қалай ажырамас бөлшекке айналғанын талқылаймыз. 🔔 Қоңырау соғылды, құлаққапты киіп, сабаққа қосылыңыздар!
  • JJT.FM: Бизнестен саясатқа
    JJT.FM: Бизнестен саясатқа 20.08.2026 25m
    JJT.FM-нің 2-шығарылымында Bugin Holding компаниясының негізін қалаушы Айбек Қуатбай мырзаның бизнестен саясатқа қадам басуы, Құрылтай, жастардың саясаттағы рөлі, ерекшелігі жайлы әңгіме өрбіттік. Тыңдап, пікір жаза кетіңіз!
  • JJT.FM: American dream vs Қазақша арман
    JJT.FM: American dream vs Қазақша арман 15.08.2026 16m
    JJT.FM-нің алғашқы санында Парасат мырзамен Америка туралы, мұхиттың арғы жағындағы қызықтарды, әзілдерді және Америка мен біздің менталитеттің басты айырмашылықтарын талқыладық. Тыңдап, пікір жаза кетіңіз! Келесі эпизодтарда қандай кейіпкерді көргіңіз келеді? @jjt.club инста парақшадан бақылай аласыз!

Popular in

The podcast also appears in the podcast charts of these countries.